05 Мамыр, 2016

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығы №366

251 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
2015 жылғы 30 қараша,  Астана қаласы Фильмге прокаттау куәлігінің нысанын бекіту туралы «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 28-2 бабының 2-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес фильмге прокаттау куәлігінің нысаны бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн; 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялау үшін электрондық тасымалдағышта елтаңбалы мөрмен куәландырылған қағаз данасын қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы нормативті құқықтық актілерінің эталонды бақылау банкіне енгізу үшін осы бұйрыққа қол қоюға уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық түрдегі осы бұйрықтың көшірмелерін жолдауды; 3) осы бұйрықты оның ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастыруды; 4) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткен соң он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен қарастырылған іс-шаралардың орындалуы туралы ақпарат ұсынуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс. Министр А. МҰХАМЕДИҰЛЫ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №366 бұйрығына қосымша нысан Фильмге прокаттау куәлігі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Фильмнің атауы: _____________________________________________________ Шығарушы ел: _______________________________________________________ Шығарушы студия: ___________________________________________________ Шыққан жылы: ______________________________________________________ Фильмнің форматы: __________________________________________________ Фильмнің хронометражы: _____________________________________________ Сценарий авторы (лары): ______________________________________________ Қоюшы-режиссер (лер): _______________________________________________ Қоюшы-оператор (лар): _______________________________________________ Қоюшы-суретші (лер): ________________________________________________ Музыкалық шығарманың авторы (лары): _________________________________ Продюсер (лер): ______________________________________________________ Фильмнің сериялар саны: ______________________________________________ Фильмнің жанры: _____________________________________________________ Фильмнің тілі, фильмнің дубляждау тілдері (бар болса): ____________________ Шығарушы ел берген көрермендердің жас шегі (индексі): __________________ Түрі:_________________________________________________________________ ____________________________________________ аумағында фильмге құқық ______________________________________________________________ тиесілі Фильмді пайдалану құқығының санаты: __________________________________ Фильмді пайдалану құқығының қолданылу мерзімі: _______________________ Көрермендердің жас шегіне қарай фильмнің индексі:_______________________ ____________________________________ (уәкілетті адамның тегі мен инициалдары) Уәкілетті адамның электрондық қолтаңбасы Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 22 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №12460 болып енгізілді.